jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Таразда 34 жылдық жылу магистралі қайта жаңғыртылуда

Жылу магистралі
Фото: gov.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев тараздықтардың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруі үшін қажетті жағдайлар жасалып жатқанын айтты.

Облыс орталығында 2 522 пәтерлі 50 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 40 үй тапсырылады. Атап айтқанда, 15 шағынауданда – 34 тұрғын үй, 16 шағынауданда – 16 тұрғын үй орналасқан.

Қаланың орталық көшелеріндегі 27 көпқабатты тұрғын үйдің сәулеттік келбетін жаңарту жобасы әзірленді.

Шаһарда ұзындығы 6,1 шақырымды құрайтын М-1 жылу магистралі қайта жаңғыртылуда. Жылу магистраліне соңғы рет 1990 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген, тозу деңгейі 82 пайызға жеткен.

Жамбыл даңғылы, Қонаев, Сейфуллин көшелері бойындағы М-3 жылу магистралін қайта жаңғырту жобасы бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, республикалық бюджетке өтінім берілді. Бұл жылу магистралі 1977 жылы пайдалануға берілген, бірақ бірде-бір рет қайта жөндеуден өтпеген.

Биыл 76 көше түнгі жарықпен қамтылады. Қала маңындағы саяжай алқаптарында жоғары вольтты желілер мен қосалқы станциялар құрылысы басталды.

25 аулада балалар ойын алаңшасы салынды. Шағынаудандарда 8 кіші-футбол алаңшасы қолданысқа берілсе, бүгінде тағы біреуінің құрылысы жүргізілуде.

"Жасыл белдеу" бағдарламасы аясында 20 мың көшет отырғызу жоспарлануда, оның тең жартысы биыл көктемде отырғызылды.

Таразда 34 жылдық жылу магистралі қайта жаңғыртылуда

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.