jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

6 қазанда Қарағандыда қоғамдық көлікпен қатынау тегін болады

Автобус салоны
Автобус. Иллюстративное фото: pixabay.com

Қарағандыда республикалық референдум өтетін күні жолаушылар қалалық және қала маңындағы автобустарды тегін пайдалана алады. Бұл туралы облыс әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қарағандыда 6 қазан, референдум өтетін күні қалалық және қала маңындағы бағыттардағы автобустар тегін қатынайды.

"Қоғамдық көлік жексенбі күнгі кестеге сәйкес жүреді.

Дүйсенбі, 7 қазанда қоғамдық көлік жұмысы штаттық режимге оралады", - делінген әкімлік хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін 6 қазанда Астанада қала маңындағы және қалалық бағдарларға қатынау тегін болатынын жазған едік.

"6 қазанда Астана қаласы республикалық референдум өтетін күні, қала және қала маңы бағдарларында жол жүру тегін болады.

Қоғамдық көлік сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді", - делінген хабарламада.

Әкімдік мәліметінше, 7 қазан дүйсенбіден бастап қоғамдық көліктер штаттық режимде жұмыс істейді.

6 қазанда Қарағандыда қоғамдық көлікпен қатынау тегін болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.