jitsu gif

"Ұшу уақыты өзгереді": Air Astana өкілдері Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, Дубайға ұшатынын айтты

ұшақ эйр астана11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Air Astana Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің ұсынысы бойынша шешім қабылдады. Бұл туралы компания Telegram-дағы арнасында хабарлады.

"Air Astana Таяу Шығыстағы жағдайды мұқият талдағаннан кейін және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің ұсынысы бойынша Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, Дубайға ұшуды орындауға шешім қабылдады.

Осыған байланысты Астана мен Алматыдан Дубайға рейстердің бағыттары өзгертіліп, ұшу уақыты ұзарады.

Жиддаға рейстер өзгеріссіз орындалады, бірақ өңірдегі әскери әрекеттер күшейген жағдайда қайта қаралатын болады.

Қажет болған жағдайда әуекомпания ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша өзгерістер енгізетін болады", - делінген хабарда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Азаматтық авиация комитеті Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық әуекомпанияларға Иранның әуе кеңістігін айналып ұшуға кеңес берген еді.

"Ұшу уақыты өзгереді": Air Astana өкілдері Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, Дубайға ұшатынын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.