Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері еліміздің бірқатар аймағында ауа температурасы -8 градусқа дейін түседі

Жарияланған күні:

Қолшатыр ұстаған адам
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 3-5 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың болжауынша, кезекті солтүстік-батыс антициклоны Қазақстанның басым бөлігіне өз ықпалын тигізеді. Нәтижесінде салқын ауа райы күтіледі және негізінен жауын-шашынсыз болады.

Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауады, найзағай күтіледі.

3 қазанда оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде.

Республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында түнгі уақытта ауа температурасы -2...-8 градусқа дейін төмендейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168701-aldagy-kunderi-elimizding-birqatar-aimagynda-aua-temperaturasy-8-gradusqa-deiin-tusedi/