Түркістандық мұғалім өзге тілдердегі 100-ден аса өлеңді қазақшаға аударған
Жарияланған күні:
Түркістан облысы, Келес ауданындағы №8 Т.Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Робия Дустанова қазақша 135 өлеңді өзбек тіліне, ал әлем тілдеріндегі 111 өлеңді қазақшаға аударған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Робия Дустанова Қазақстанға 2000 жылдардың басында көшіп келген. Ол қазіргі таңда Келес ауданындағы мектепте өзбек тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады.
"Жас кезімнен ақындық өнерге қатты қызықтым. Бүгінгі күні балаларға өзбек тілі мен әдебиетінен сабақ беремін. Сонымен қатар сабақ барысында әлем ақындарының өмірі мен шығармашылығын зерттейміз. Қазақ тілінен өзбек тіліне Мұқағали Мақатаевтың шығармаларынан 50 өлең, басқа қазақ классик ақындарынан 41 өлең, заманауи қазақ поэзиясынан 44 өлең, жалпы 135 өлең аудардым. Әлі де шығармашылық ізденістемін", - деді ұстаз.
Робия Дустанова облыстық, республикалық, халықаралық байқаулар мен форумдарға қатысып тұрады. Ақын-ұстаздың жинақтары Түркия, Өзбекстанда басылған жинақтарға да енген.
Айта кетейік, Келес ауданының білім бөліміне қарасты 63 мектеп бар. Онда 4 007 педагог жұмыс істейді.
Бұған дейін Түркістандық жас ұстаз Арслан Атабек сабақтарын ерекше әдіспен өткізетінін жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168877-turkistandyq-mugalim-ozge-tilderdegi-100-den-asa-olengdi-qazaqshaga-audargan/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.