jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Елімізде Атом есімді қанша адам бар

Көшеде кетіп бара жатқан адамдар
Көшеде кетіп бара жатқан адамдар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда Атом есімді 5 адам тұратын болып шықты. Олардың ең кішісі – 3 жаста, ал үлкені – 66 жаста. Бұл жөнінде Ұлттық статистика бюросының Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Статистика бюросының мәліметінше, Атом есімінін иеленген қазақстандықтар Ақмола мен Қостанай облыстарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында тұрады.

Сонымен қатар құрамында "атом" сөзі бар мынадай есімдер де кездеседі:

  • Атомжан – 2 адам;
  • Атомбек – 6 адам;
  • Атомвек – 2 адам;
  • Атомтай – 1 адам.

Ескерте кететін жайт, бұл есім иелерінің 80 пайызы 47 жастан асқан және олар Қазақстанның 11 өңірінде тұрады.

Еске салсақ, 2 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.

3 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясының отырысында АЭС салу бойынша референдум өткізудің күнтізбесі бекітілді.

Сондай-ақ бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы өкілдері Қазақстанда АЭС салу бойынша референдумды ұйымдастыруға және өткізуге 15,5 млрд теңге жұмсалатынын мәлімдеген еді.

АЭС салу бойынша референдумға қатысты ОСК төрағасы Тоқаевқа дайындық барысын баяндаған болатын.

Елімізде Атом есімді қанша адам бар

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.