jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Алматыда пайдаланылмаған жер телімдері алынды

Жер учаскесі
Жер учаскесі. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда техникалық қызмет көрсету станциясы, көлік жуу, жанар-жағармай құю бекеті және қонақүй салуға арналған жер телімі алынды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Telegram-дағы арансында Алматы сотының шешімімен тәркіленген, көптен бері пайдаланылмай тұрған жер телімі туралы ақпарат жарияланды.

"Медеу ауданының Бесағаш ауылдық округінде орналасқан ауданы 0,5600 га жер учаскесіне тексеру жүргізілді. Бұл учаске техникалық қызмет көрсету станциясын, автокөлік жуу, жанармай құю станциясын және қонақ үй салуға арналған.

Тексеру барысында бұл аумақтың мақсаты бойынша пайдаланылмай, қараусыз қалғаны анықталды. Департамент оны тәркілеу туралы сот ісін қозғады", - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілі.

Алматы сотының шешімімен талап толығымен қанағаттандырылды, деп толықтырды министрлік.

Алматыда пайдаланылмаған жер телімдері алынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.