Зектілері

Саясаткер Төлен Тоқтасынов өмірден озды

Жарияланған күні:

Төлен Тоқтасынов
Төлен Тоқтасынов. Фото: elmedia.kz

Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер Төлен Тоқтасынов 61 жасында өмірден озды. Қаралы хабарды белгілі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ахметбек Нұрсила Facebook-тегі парақшасында Төлен Тоқтасынов жарты жыл бойы ауыр дертпен арпалысып, оны жеңе алмағанын хабарлады.

"Кеше түнде жан досым Төлен Мұхамедиұлы Тоқтасын, ауыр дертпен жарты жыл арпалысып жеңе алмай, ақыры мәңгілік мекеніне аттанып кетті. Бақұл бол Төке, сені жақсы танитын жақындарыңның, халқыңның жадында арын жоғары ұстаған, жасампаз азамат ретінде есінде мәңгілік қаласың! Сүйегін туған қаласы Семейге апарып, анасының қасына қоямыз деп шештік", - деп жазды кәсіпкер.

Айта кетейік, Төлен Тоқтасынов ҚР парламенті мәжілісінің экс-депутаты болған. Экология және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі, "Экология" депутаттық тобының жетекшісі қызметтерін атқарды. Сонымен қатар, саясаткер "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының құрылтайшыларының бірі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2170503-saiasatker-tolen-toqtasynov-qaitys-boldy/