Төтенше өрт қаупі, жел, жаңбыр: еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жарияланған күні:
9 қазанда еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, төтенше өрт қаупі сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
9 қазанда Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ертең Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Сәрсенбі Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
9 қазанда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжанды. Жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ертең Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Сәрсенбі Қарағанды облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
9 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады деп болжанды. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ертең Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары, басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Сәрсенбі Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
9 қазанда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ертең Павлодар облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Сәрсенбі Ақмола облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
9 қазанда Атырау облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктерлі және шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171779-totenshe-ort-qaupi-zhel-zhangbyr-elimizding-birqatar-ongirinde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/