jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Асылан Маханов
Асылан Маханов
Бұрынғы қызметкер

Түркістан облысында жастар мұқтаж отбасына баспана салып берді (фото)

Жастар мұқтаж отбасына баспана салып берді
Жастар мұқтаж отбасына баспана салып берді. Фото: Түркістан өңірлік коммуникация қызметі

Түркістан облысы Сауран ауданындағы Құмтүйін елді мекені жастарының бастамасымен үй тұрғызылып, ауылдағы мүгедектігі бар Бектұрғановтар отбасына берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл қайырымдылық іске ауылдың белсенді жастары мен кәсіпкерлері атсалысқан. Айтулы шараға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов, аудандық мәслихат депутаты Сәбит Рысбеков, Қарашық ауылдық округінің әкімі Сәкен Оразбаев, ауыл ақсақалы Ырысбай Айтуғанов және аймақ тұрғындары қатысқан.

Аудан басшысы мұқтаж жандарға баспана салып, тарту еткен азаматтарға алғыс хат табыстады.

Еске салайық, биыл тамызда Түркістан облысында қоғамдық қор 17 отбасына баспана сыйлаған еді. Анығырақ айтқанда, жетісайлық азаматтар Конституция күні қарсаңында қайырымдылық қорының көмегімен баспанаға мұқтаж отбасыларға сый жасаған болатын. Қор мүшелері үйдің ішін қажетті жиһаздармен, азық-түлікпен және күнделікті тұтыну заттарымен, отбасы мүшелерін киім-кешекпен қамтамасыз еткен.

Сондай-ақ шілдеде Түркістан облысы Сауран ауданы Шорнақ ауылдық округінде белсенді ауыл азаматтарының бастамасымен баспанаға мұқтаж екі отбасына үй берілген еді.

Түркістан облысында жастар мұқтаж отбасына баспана салып берді (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.