jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Ақтөбеге жаңа автобустар келді

Ақтөбеге жаңа автобустар келді
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Бүгін "Автопарк" ЖШС тағы 25 жаңа автобуспен толықты. Қарашаның аяғында қосымша 25 автобус әкелінеді деп күтіліп отыр.

Облыс әкімі Асхат Шахаров автопаркке барып, қоғамдық көлік жүйесімен танысты.

Ақтөбеге жаңа автобустар келді
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Автопарк қала бойынша 23 бағытта қызмет көрсетеді. Күн сайын желіге 331 автобус шығады. Былтырдан бері мекеме қоғамдық көліктерін жаңартуда. Екі жыл ішінде жаңа автобустар саны жүзге жетті. Бүгін жеткізілген 25 автобус №14, 22, 24, 26 және 42 бағытқа шығарылады, осылайша жолаушыларға қолайлы жағдай жасалады.

Аталған қоғамдық көлік "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ қаржылай қолдауымен сатып алынды.

Азаматтардың транспорттық қызметін жақсарту мақсатында «QazTehna» компаниясымен 50 автобус жеткізу бойынша келісімшарт жасалды. Жобаның демеушісі — Өнеркәсіпті дамыту қоры. Келісімшарттың жалпы құны 3,2 миллиард теңгені құрайды.

Ақтөбеге жаңа автобустар келді
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Yutong маркалы автобустар Қарағанды облысының Саран қаласында шығарылады. Бір автобустың құны – 64 миллион теңге.

Ақтөбеге жаңа автобустар келді
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Ыңғайлы әрі сыйымды қоғамдық көлік 80 адамға арналған, кез-келген климаттық жағдайларда төзімді, кондиционер, пандусы бар, жайлы орындықтар және ақпараттық табломен жабдықталған.

Асхат Шахаров
Асхат Шахаров. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

"Ақтөбеде 46 бағыт бойынша жолаушыларды төрт кәсіпорын тасымалдайды. Біз олардың автопаркін біртіндеп заманауи көлік құралдарымен жаңартып жатырмыз. Наурыз айында 30 жаңа автобус алдық, бүгін 25 және қараша айының соңында тағы 25 автобус келеді. Жолаушыларға жайлы жағдай жасау, қаламыздағы қоғамдық көлік сапасын жақсарту – басты мақсат. Жаңа автобустар ескі көліктерге түсетін жүктемені азайтып қана қоймай, жергілікті автопарктің жұмыс тиімділігін арттыруға көмектеседі", - деді әкім.

Ақтөбеге жаңа автобустар келді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.