Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы мен Қаскелең арасына алты жолақты жол салынады

Жарияланған күні:

Көлік кептелісі
Көлік кептелісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Алматы-Ташкент" халықаралық күре жолының 8 шақырымы толық жөнделіп кеңейтіледі. "Қазавтожол" мекемесі жолды алты жолақты етіп, қосымша екі айналма көпір салуды жоспарлайды, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, көлік кептелісінің негізгі себебі - күре жолдың 26 шақырымындағы осы жаяулар өтетін жолақ. Ерте таңда қаладағы жұмысына, кешке ауылына асығатын жүргізушілердің осы тұстан өткенше жүйкелері жұқарады. 

Телеарнаның тілшісі осы жаяу жүргіншілер жолағы жолдың екі бағытындағы көлік қозғалысын тежеп тұрғанын, сол себепті кептеліс пайда болатынын айтты. Ал тұрғындардың айтуынша, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бұл жерге бағдаршам орнатып немесе көпір салу қажет.

"Адамды қағып жатқан бар ғой. Жақында және қақты. Ертең және қағады. Мынау болмайды ғой мына тұрысында. Светофор керек. Ар жақтан былай орталыққа қойса. Кішкене үлкейту керек мынаны. Көпір салса болады", - дейді Алмалыбақ ауылының тұрғыны Ермұхан Қожахметов.

Басылымның мәліметіне сәйкес, Ұмтыл ауылдық аймағынан шығып, Алматыға баратын көліктер Үлкен Алматы айналма жолына түсе алмайды. Сондықтан "Алматы-Ташкент" күре жолына шығып, кері айналулары керек.

Жол тар болғандықтан бұрылысқа кірген машиналар қарсы бағыттағы қозғалысқа кедергі келтіреді. Мәселені реттеу үшін жолды кеңейту керек. Оның жобасын "Қазавтожол" мекемесінің облыстық филиалы әзірледі. 

"Қазіргі уақытта "А2" яғни, "Алматы-Ташкент" халықаралық тас жолының 18 шақырымынан бастап жолды кеңейту жұмысы қолға алынып жатыр. Жобасы дайын. Қаскелең қаласына дейінгі аралық 6 жолақты болады.  Жобаға сәйкес екі айналма көпір мен жаяу адамдарға арналған 6 көпір салу жоспарланып отыр. Бұл жұмыс келесі жылы ғана басталады", - дейді "Қазавтожол" ҰК АҚ ОФ директорының орынбасары Шыңғысхан Мұратбекұлы.

Қазіргі уақытта тас жолдың 27 шақырымдық учаскесімен күніне 70 мыңға жуық көлік өтеді. Мұндағы кептеліс қоршаған ортаға зиянын тигізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2172795-almatyny-oblyspen-bailanystyratyn-tashkent-tas-zholy-kengeitiledi/