jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында 11 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Дәрігер. Көрнекі фото
Дәрігер. Көрнекі фото: Getty Images

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары мен басқа да лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, ведомство осы жылдың шілде айында қордағы тексеру іс-шараларын аяқтаған. Нәтижесінде Қазақстанның бюджет және өзге де заңнамалары бойынша, сондай-ақ ұйымның ішкі нормативтік құжаттарынан бұзушылықтар анықталған.

"Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі мен ӘМСҚ басшылығына лауазымды адамдардың жұмысты тиісінше ұйымдастырмағаны және жіберілген бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тарту тапсырылды.

Қорытындысы бойынша ӘМСҚ мен оның өңірлік филиалдарының басшылық құрамының 11 өкілін, оның ішінде қордың басқарма төрағасының бір орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша нұсқаманың басқа тармақтарының орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында 11 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.