jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қарағанда облысында ауа райына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды

Тасжол
Тасжол. Көрнекі фото: 24.kz

Қарағанда облысында күн райының нашарлауына байланысты Ақсу-Аюлы – Балқаш аралығындағы тасжолда барлық көлік түрі қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "ҚазАвтожол" ұлттық компаниясына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қарағанды облысында қозғалысқа шектеу қою туралы 2024 жылғы 14 қазанда сағат 08:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы" автожолының 1610-1855-шақырымы аралығындағы Ақсу-Аюлы – Балқаш бағытында автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады", - делінген ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.

Айта кетейік, демалыс күндері Қазақстанның барлық дерлік аумағында ауа райына байланысты ескерту жасалған болатын.

Сонымен қатар Қарағанды облысындағы Саран қаласында тұрғындар әлі жылу берілмегеніне шағымданған еді. Кейін әкім себебін түсіндіріп, видеоүндеу жолдады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.