Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 15 қазаннан бастап жолақысын төлеу жүйесінде өзгеріс болады

Жарияланған күні:

Шымкентте қатынайтын автобус
Шымкентте қатынайтын автобус. Фото: instagram.com/transport.shym

Шымкентте 15 қазаннан бастап қоғамдық көліктерде жолақысын қолма-қол ақшамен төлеу жүйесі жойылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, 2024 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 97% төлем электронды жүйелер арқылы (карта, QR-код, SMS), ал қалған 3% қолма-қол ақшамен жасалған.

Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлеңкелі ақша айналымын заңдастыру үшін қолма-қол төлеу жүйесін жойып, тек электронды түрде төлемдер жүргізуге шешім қабылданған.

"9 айда 6200 шағым түскен. Оның ішінде 3350-і автобус жүргізушілерінің қолма-қол ақша жинауы, ал 160-ы әдейі есікті ашпау фактісі.

Ертеңнен (15 қазаннан – ред.ескертпесі) бастап Шымкент қаласы әкімінің шешімімен тек қана электронды төлем болады. Әкім қаулысы ертең күшіне енеді. Көлік компанияларының бәріне ескертілді", - деп брифингте Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Бекмағамбетұлы айтты.

Ролан Бекмағамбетұлының сөзінше, қазір Шымкентте тұрақты 80 автобус бағыты бар. Қалада 11 автопарк жұмыс істеп тұр. Автобустардың жалпы саны – 1150. Биыл қалаға 19 жаңа автобус келген. Жыл соңына дейін 100 жаңа автобус әкелу жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174047-shymkentte-15-qazannan-bastap-zholaqysyn-toleu-zhuiesinde-ozgeris-bolady/