jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

"ҚазАвтоЖол" көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Тұман басқан қала
Тұман. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ бірнеше өңірде ауа райының бұзылуына байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

"ҚазАвтоЖол" өкілдері ертең бірнеше өңірдің жүргізушілеріне қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертті.

"Ертең Абай, Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе, Павлдар және Шығыс Қазақстан облыстарында дымқыл қар мен жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Шымкент қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында жаңбыр жаууы ықтимал.

Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережесін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", - делінген ресми хабарламада.

"ҚазАвтоЖол" көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.