Көкшетау қаласында қоғам белсенділері қандай затқа назар аударды
Жарияланған күні:
Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамының сарапшылары Ақмола облысы бойынша тұтынушылардың мүддесін қорғау мақсатында осы жылдың маусым айының басынан бері жасырын сатып алушы әдісімен бірнеше рет азық-түлік өнімін сатып алып, тексертіп келеді.
Бұл жолы да азық-түлік себетіне Беларусь өндірушісінің "Майдың массалық үлесі 2,5% стерильденген Рогачев ауыз сүті", ресейлік "Пресервы сардина дальневосточная неразделенная в солевой заливке с пряностями "Иваси" және ирандық "Пастила фруктовая "Роян пастила" өнімдері салынды. Үш өнім де Көкшетау қаласындағы орталық әмбебап дүкендердің бірінен әртүрлі бутиктерден сатып алынды.
Барлық сынаманың қауіпсіздігі мен Кеден одағының (КО ТР 021/2011 және КО ТР 022/2011) техникалық регламентіне сәйкестігін талдау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Ақмола облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК аккредиттелген зертханасына тексеруге жіберілді.
Тұтынушылар назарына!
"Қазақстанда егер сүт пастерленген, майлылығы 2,5% және жұмсақ қаптамада болса, онда ол әлеуметтік маңызы бар өнімдер тізіміне кіреді ", - дейді сарапшы Жанна Үрметханқызы.
Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (ТР КО 033/2013) сәйкес сүт бірнеше түрге бөлінеді.
Мәселен:
- "Бірыңғайландырылған сүт" – сүт қайта өңдеуден өтуіне байланысты өндірушінің техникалық құжаты немесе стандарты көрсеткіштеріне сәйкес келтірілген құрғақ майсыздандырылған сүт бөліктерінің және сүт ақуызы немесе сүт майының массалық үлесі сүтті қайта өңдеуден өткізу өндірісіне арналған шикізат құрамы;
- "Майсыздандырылған сүт" – сүт майын сүттен бөлу жолымен алынған, сүт майының массалық үлесі 0,5 пайыздан төмен сүт өңдеу өнімдерін өндіруге арналған шикізат;
- "Байытылған сүт" – табиғи (түпнұсқа) құрамымен салыстырғанда өнімнің тағамдық құндылығын арттыратын май қышқылдары, фосфолипидтер, пребиотиктер, тағамдық талшықтар, көпқанықпаған май қышқылдары, макро-микро элементтер, дәрумендер, сүт ақуызы біріктірілген немесе жеке-дара түріндегі шикізат немесе ауыз сүті.
- "Ауыз сүті" – майсыздандырылған, бірыңғайландырылған, байытылған сүт – сүт майының массалық үлесі 10 пайыздан төмен, термиялық өңдеуге, кем дегенде пастерлеуге ұшыраған, құрғақ сүт өнімдері мен суды қоспай, тұтынушылық ыдысқа құйылған сүт.
"Өз басым сиыр сүтінен алынған сүтті ұнатамын және ол табиғи саналады", - деп жалғастырды сөзін сарапшы.
Беларусь өндірушісінің сүт сынамасы барлық қауіпсіздік пен сапа көрсеткіштерінен қалыпты шекте өтті, алайда Қазақстан Республикасында рұқсат етілмейтін сәйкессіздіктер де табылды.
5 шілдедегі № РО-24-08761/270 зерттеу хаттамасында техникалық регламенттің 4.1-бөлігінің 1-тармағында көзделген қазақ тіліндегі ақпараттың жоқтығы анықталды. Азық-түлік өнімдерінің қаптамасындағы таңбалама орыс тілінде және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде болуы тиіс, сондай-ақ азық-түлік өнімдерін пайдалануға қатысты ұсынымдар немесе шектеулер туралы ақпараттар да көрсетілмегені белгілі болды.
Ресейлік өндірушінің сардина сынамасында қазақ тіліндегі тұтынушыларға арналған ақпарат болған жоқ.
Қаптамадағы ақпараттың маңызы зор. Бұл – тұтынушыға өнімнің құрамы мен жарамдылық мерзімін білуге, сонымен қатар қауіп-қатерге ұшыратпас үшін оны қалай дұрыс сақтау керектігін түсінуге мүмкіндік беретін маңызды деректер көзі. Мысалы, дұрыс сақтамау шарттарының әсерінен өнім жегенге дейін бұзылып, денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жобасы аясында осы материалды дайындаған "MOТҚҚҚ" ҚБ тұтынушылар құқығын қорғау тек мемлекеттік органдардың ғана емес, азаматтардың да міндеті екенін еске салады.
Осыған ұқсас сұрақтар бойынша Instagram OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/ сілтемесі немесе 87054222739 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174927-kokshetau-qalasynda-qogam-belsendileri-qandai-zatqa-nazar-audardy/