Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан қаласында күн суытуына байланысты жылу ертерек берілетін болды

Жарияланған күні:

жылу батареясы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pexels.com

Түркістан қаласында күн күрт суытуына байланысты 20 қазаннан бастап жылу беру қазандықтары іске қосылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қала бойынша көпқабатты тұрғын үйлер мен мекемелерде қысымдау, шаю жұмыстары жүргізілмек.

"Жұмыс жүргізілу барысында үйде болуларыңызды және жауапкершілікпен, мұқият қарауларыңызды сұраймыз", - делінген әкімдік хабарламасында.

Апат болған жағдайда мекеме жауапкершілігіне алмайтыны да хабарланды.

"2024-2025 жылғы жылу беру маусымын 20 қазанда бастайын деп отырмыз. Себебі ҚР құрылыс нормасының ережелерінде көрсетілген ерекшелікте Түркістан қаласында жылыту маусымы 28 қазан мен келесі жылдың наурызына дейін болады деп көрсетілген. Облыстық мәслихат бекіткен қаулыда сыртқы ауа райы бес күн қатарынан +8 градус және одан төмен болған жағдайда жергілікті атқарушы органның қаулысымен жылыту маусымы ертерек басталады", - деді "Жылу" КММ директоры Ерғазы Рысбеков.

Еске салайық, Шымкентте жылыту маусымы 1 қарашада басталатынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2175081-turkistan-qalasynda-kun-suytuyna-bailanysty-zhylu-erterek-beriletin-boldy/