jitsu gif branding logo appbranding logo app

Түркістан облысында бір мектептен 50-ге жуық дәрігер шыққан

№28 "Мақташы" жалпы білім беретін мектебі
№28 "Мақташы" жалпы білім беретін мектебі: t.me/turkistanoblysy

Түркістан облысы Келес ауданына қарасты №28 "Мақташы" жалпы білім беретін мектебінен 1933 жылдан бері 50 дәрігер шыққан. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

№28 "Мақташы" мектебінде білім алғандардың қатарында жаңа туған нәрестелерге ота жасайтын Қазақстандағы санаулы кардиохирургтың бірі Беркін Туркулов, елімізге танымал Сарыағаш ауданындағы емдік шипажайлардың бірінің бас дәрігері Мұстафа Бурабаев, білікті УДЗ дәрігері Артықбек Керимбердиев, Жезқазған қалалық ауруханасында істейтін онестезиолог-реаниматолог Илес Нұрғазы, оториноларинголог Еркеғали Асанов бар. Сондай-ақ тағы басқа білікті дәрігерлер еліміздің түкпір-түкпірінде медицина саласында қызмет атқарып жүр.

"Жүз жылға жуық тарихы бар мектептен дәрігерлер ғана емес елімізге қызмет еткен азаматтар да оқыған. Олардың қатарында Лениншіл Рүстемов, Қайыпберді Ерназаров, Рәтбек қажы Нысанбаев, Жорабай Тәжібаев, Ілес Садықов, Шахыдин Қасымбеков, Ақберді Асабаев, Болатбек Анарбаев, Нұрқұл Жұмағұлов, Әбдіғани Қасымбеков, Гүлия Қасымбекова сияқты мектеп түлектерімен мақтанамыз. Білім ошағында тәжірибелі педагогтар сабақ береді. Шынында мектепте медицина саласын таңдаған оқушылар да көп", - деді мектеп директорының орынбасары.

Айта кетейік, қазіргі таңда аталған білім ордасында 600-ден аса оқушы білім алады. Сондай-ақ 78 мұғалім сабақ береді.

Түркістан облысында бір мектептен 50-ге жуық дәрігер шыққан

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.