Қызылорда облысының тұрғыны сұңқарларды ұстап, шетелдіктерге сатқан
Опубликовано:
Қызылорда облысының тұрғыны сұңқарларды ұстап, шетелдіктерге сатқан. Бұл сұңқарлар "Қызыл кітапқа" енген, деп хабарлайды ІІМ медиаресурсына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомство мәліметінше, ер адам Қызылорда облысы Полиция департаментінің және "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалы инспекторларымен прокуратураның үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шара барысында ұсталған.
"Ол "Қызыл кітапқа" енген сұңқарларды шетелге сату мақсатында заңсыз аулаған. Тұрғынның үйіне тінту жүргізу барысында сұңқар тектес 2 құс алынды. Қазіргі таңда құстар Шымкент зоологиялық саябағына тапсырылды", - делінген хабарда.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2175219-qyzylorda-oblysynyng-turgyny-sungqarlardy-ustap-sheteldikterge-satqan/