jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Алматыда 31 қазанға дейін бірнеше автобус бағытын өзгертті

Автобус іші
"Оңай" төлем жүйесі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда осы айдың соңына дейін төрт автобус бағытын өзгертті. Өзгерістер құрылыс жұмыстарына қатысты, деп хабарлайды Алматы көлік холдингіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шаляпин көшесінің бойындағы кәріз желілеріндегі құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге байланысты Яссауи көшесінен Момышұлы көшесіне дейін 19 қазан сағат 06:00-ден 31 қазан сағат 06:00-ге дейін № 4, 15, 137, 226 автобус бағыттардың қозғалыс схемалары уақытша өзгереді.

Nº4 солтүстік бағытта: Әшімов көшесі – Шаляпин көшесі – Абай даңғылы – Момышұлы көшесі – Шаляпин көшесі, одан әрі сызба бойынша. Кері бағытта: Шаляпин көшесі – Момышұлы көшесі – Абай даңғылы – Яссауи лицейіне бұрылып – Шаляпин көшесі, одан әрі схема бойынша.

Nº15 шығыс бағытта: Әшімов көшесі – Шаляпин көшесі – Яссауи көшесі – Абай даңғылы – Момышұлы көшесі – Шаляпин көшесі, одан әрі сызба бойынша. Кері бағытта: Шаляпин көшесі – Момышұлы көшесі – Абай даңғылы – Яссауи көшесінің артына бұрылып – Шаляпин көшесі, одан әрі схема бойынша.

Nº137 солтүстік бағытта: Әшімов көшесі – Яссауи көшесі – Абай даңғылы – Момышұлы көшесі – Шаляпин көшесі, одан әрі сызба бойынша. Кері бағытта: Шаляпин көшесі – Момышұлы көшесі – Абай даңғылы – Яссауи көшесінің артына бұрылып – Шаляпин көшесі, одан әрі схема бойынша.

Nº226 шығыс бағытта – өзгеріссіз, қарама-қарсы бағытта: Абай даңғылы – Сайна көшесі – Жандосов көшесі, одан әрі сызба бойынша өзгереді.

Алматыда 31 қазанға дейін бірнеше автобус бағытын өзгертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.