"Көктөбе" телемұнарасы ТЖМ "түсіне" боялды
Жарияланған күні:

19 қазан Құтқарушылар күніне орай, "Көктөбе" телемұнарасы ҚР ТЖМ түсіне боялды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ТЖМ Telegram-дағы ақпаратына сүйенсек, телемұнараның медиафасадтарында құтқарушылардың рәміздері көрсетілген.
"Осы жылдың тоғыз айында Алматы ТЖД гарнизонының, ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының және ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары оқиғалар орнынан 3 мыңнан астам шұғыл шығу жүзеге асырылған.
ТЖ орындарынан 300-ден астам адам эвакуацияланып, 160-тан астам зардап шеккен адамдарға көмек көрсетті, ең бастысы 711 адамның өмірі құтқарылды", -делінген ведомство хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2176422-koktobe-telemunarasy-tzhm-tusine-boialdy/