jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Қатты жел, тұман мен найзағай: Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

желді күн
Желді күн. Көрнекі фото: pixabay.com

21 қазан күні Қазақстанның 8 өңірінде қатты жел, тұман мен найзағайға байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, 21 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Ал Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай болуы ықтимал. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында желдің күші 15-20 м/с болады.

21 қазанда таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында оның күші 15-20 м/с болады.

21 қазанда түнде Атырау облысының шығысында кей уақытта қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Ертең Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с болады.

Ал түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Ертең түнде Ақтөбе облысының батысында, орталығында қатты жаңбыр жаууы мүмкін.

21 қазанда күндіз Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, 21 қазанда солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 21-22 қазанда түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі.

Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, 21 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с, 22 қазанда облыстың таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Қатты жел, тұман мен найзағай: Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.