jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Мейірімділік әлі де бар екен": атыраулық блогердің видеосы көпшіліктің жүрегін елжіретті

Құшақтасқан адамдар
Құшақтасқан адамдар. Видеодан кадр: instagram.com/akniyet_sarbasbay

Атыраулық блогер Ақниет Сарбасбай ұйымдастырған "Құшақтау орны" желі қолданушыларын тәнті етті. Бірнеше күнде 350 мың қаралым жинаған видеоға халық жылы лебізін жазып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Атыраулық блогер Ақниет Сарбасбай қала тұрғындарына әлеуметтік эксперимент жасады. Атырау қаласындағы Орталық көпірдің астындағы саябаққа "Құшақтау орнын" белгілеп, халықтың эмоциясын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.

"Осы іс көптен ойымда жүр еді. Қазіргі кезде әлеуметтік желіде видео көп болғанымен, жанға жылулық сылайтын көріністер аз. Ана мен бала, аға мен қарындас, ер мен әйелдің арасындағы жылы қарым-қатынасты көрсеткім келді. Тұрғындар тоқтап, бірін бірі құшақтап жатқанын көргенде шынымен жүрегің жылып, мейірімділіктің әлі де бар екенін көрдім",- дейді Ақниет Сарбасбай.

Видеода адамдар тоқтап, бірін-бірі құшақтап, жымиған сәттері кадрға түсіп қалған. Блогердің бұл ісі көпшілікті де бей-жай қалдырмады.

"Керемет, көзіңе еріксіз жас келеді екен", "Қандай жылы видео, бүкіл көшеге осылай жасаңдаршы", “Жылап отырмын. Әрдайым құшағын ашатын адамдарымыз аман болсыншы”, "Қазір адамдарға ең жетіспейтіні - мейірімділік", - деп жазды желі қолданушылары.

Ақниет Сарбасбай Атырау облысы, Қызылқоға ауданының тұрғыны. Ол қоғамдық мәні бар тақырыптарға түрлі әлеуметтік роликтерді жиі түсіреді.

Авторы: Әйгерім Сайқын

"Мейірімділік әлі де бар екен": атыраулық блогердің видеосы көпшіліктің жүрегін елжіретті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.