Қар аралас жаңбыр, көктайғақ: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Опубликовано:
Синоптиктер Қазақстан бойынша 22-24 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды – еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, көктайғақ болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Болжам бойынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атлантикалық циклонның ықпалымен күн райы құбылмалы болады – жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады.
Батыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауады, жекелеген облыстарда күндіз найзағай ойнайды деп болжанады.
23 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.
24 қазанда Жетісу облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанып отыр.
Қазақстан бойынша жел күшейеді және тұман түседі.
Бұл ретте синоптиктер температура фонында күрт өзгерістер болмайтынын атап өтті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2176848-qar-aralas-zhangbyr-koktaigaq-aldagy-ush-kunge-arnalgan-aua-raiy-bolzhamy-zhariialandy/