Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жылыту маусымы мерзімінен бұрын басталды

Жарияланған күні:

Жылу батареясы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pxhere.com

Шымкентте күн салқындауына байланысты жылыту маусымы бүгіннен, 21 қазаннан басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік мәліметінше, ауа температурасы төмендеп, күн салқындауына байланысты тұрғындар тарапынан жылуға қатысты көптеген өтініш түскен. Осыны ескерген қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жауапты орынбасарлары мен басқарма басшыларына жылу жүйелерін мерзімінен бұрын іске қосуды тапсырды.

"Кестеге сәйкес жылу қараша айының 1-іне қосылуы керек болатын. Қала басшысының қаулысымен көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға бүгіннен, яғни қазанның 21-інен бастап жылу беріле бастады", - делінген хабарламада.

Қазір қаладағы 26 бөлек орналасқан жылу қазандықтары мен орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы станциясы жылу маусымына дайын. Тұтынушыларды жылумен қамтамасыз ету төмендегідей кезекпен жүзеге асырылады:

  • балабақшалар, емханалар, мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер;
  • тұрғын үйлер, жатақханалар;
  • әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
  • басқа да ғимараттар.

Еске салайық, Түркістан қаласында күн күрт суытуына байланысты 20 қазаннан бастап жылу беру қазандықтары іске қосылатынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2176992-shymkentte-zhylytu-mausymy-merziminen-buryn-bastaldy/