jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Республика күніне орай Қазақстанда қосымша пойыздар жолға шығады

пойыз
Темір жолдағы жолаушы. Көрнекі фото: Рixabay.com

Республика күніне орай Қазақстанда қосымша бірнеше пойыз жолға шығады. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ұлттық тасымалдаушы өзінің Telegram-дағы арнасында Республика күніне қосымша пойыздардың шығарылатыны туралы хабарлады:

  • №630/629 пойызы "Ақтөбе-Шалқар" бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнара қатынайды;
  • №204 пойызы "Астана-Шымкент" бағыты бойынша 2024 жылғы 21 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;
  • №216 пойызы "Шымкент-Алматы" бағыты бойынша 2024 жылғы 22 қазаннан бастап күнделікті қатынайды;
  • №201 пойызы "Алматы-Астана" бағыты бойынша 2024 жылғы 23 қазаннан бастап күнделікті қатынайды.

Сонымен қатар, қала маңындағы бағыттар бойынша 2024 жылғы 25 және 27 қазанда "Қарағанды-Астана" бағытындағы электр пойызының бағыты Бурабай курорты станциясына дейін ұзартылады.

№7553/6811/6812/7556 "Қарағанды-Астана-Бурабай курорты" электрпойызының бағыты:

  • Астанадан сағат 10:40-та жөнелтіледі, Бурабайға сағат 13:15-те келеді;
  • Бурабайдан сағат 14:10-да кері жөнелтіледі, Астанаға сағат 17:00-де келеді.

"Сонымен қатар, 2024 жылғы 25, 26 және 27 қазанда "Ерейментау-Астана-Көкшетау" бағытындағы №6831/6829/6830/6832 электр пойызының құрамына қосымша вагондар қосылады", - делінген хабарламада.

Республика күніне орай Қазақстанда қосымша пойыздар жолға шығады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.