Бірқатар өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Жарияланған күні:

Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
22 қазанда Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
22 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
22 қазанда күндіз Алматы облысының орталығында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Қонаев қаласында 22 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
21 қазанда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел тұрады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында, орталығында 3 градус үсік. Талдықорған қ.: 21 қазанда түнде 1-3 градус үсік түседі.
21 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Қостанай қ.: 21 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.
21 қазанда түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с. Қызылорда қаласында 21 қазанда түнде найзағай ойнайды.
21 қазанда таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қаласында 21 қазанда күннің екінші жартысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с. Түркістан қаласында 21 қазанда күндіз найзағай ойнайтын. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
21 қазанда түнде Атырау облысының шығысында кей уақытта қатты жаңбыр. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Атырау қаласында 21 қазан түнде және таңертең тұман түседі.
21 қазанда Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с
22 қазанда түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
22 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Орал қаласында 22 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.
22 қазанда Қарағанды облысының шығысында жолдарда көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман.
22 қазанда күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қаласында 22 қазанда күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында 22 қазанда күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
22 қазанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Атырау қ: 22 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.
22 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі.
22 қазанда түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Көкшетау қ.: 22 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.
22 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Петропавл қаласында 22 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.
22 қазанда түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Павлодар қаласында 22 қазанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2177039-birqatar-ongirde-qolaisyz-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhasaldy/