jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Асылан Маханов
Асылан Маханов
Бұрынғы қызметкер

Түркістан облысында үйі өртеніп кеткен жалғызбасты анаға ауылдастары баспана салып берді

Жаңадан салынған үй
Жаңадан салынған үй. Скриншот: youtube.com/@KazakstanShymkent1990

Түркістан облысы Келес ауданы Жүзімдік елді мекенінде жалғызбасты анаға ауылдастары үй салып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ontustik TV телеарнасының Youtube-тегі арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

90 жастағы енесін бағып отырған жалғызбасты ана Ұлман Жораеваның үйі бір түнде өртеніп кеткен. Кейін ауыл азаматтары кеңес құрып, бірден іске кіріскен. Нәтижесінде, құр қабырғасы ғана қалған ескі үй 60 күн ішінде қайта түлеп, пайдалануға берілді.

Ауыл адамдарының сөзінше, Келес ауданында мұндай игі істер жиі ұйымдастырылады. Жығылғанға демеу болу олар үшін ерлік емес, қарапайым дағды екен.

"Түлкібас жақта тағы бір ағайындарымыздың үйі жаныпты. Ол жаққа да көмек беріліп жатыр. Осында жүрген азаматтар көмек қолын созып, ол үй де бітейін деп қалды", - деді мәслихат депутаты Ерлан Молдабаев.

Еске салайық, Түркістан облысы Сауран ауданында жастар ауылдағы мүгедектігі бар отбасына үй салып берген еді.

Түркістан облысында үйі өртеніп кеткен жалғызбасты анаға ауылдастары баспана салып берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.