jitsu gif branding logo appbranding logo app

Ақтауда жоғалған 15 жастағы қыз табылды

Жасөспірім қыз қарап тұр
Жасөспірім қыз. Көрнекі фото: freepik.com

Ақтауда 16 қазан күні үйінен белгісіз себептермен шығып кеткен 15 жастағы жасөспірім аман-есен табылды. Бұл туралы полиция басқармасы хабарлайды.

"Ақтау қаласы полиция басқармасы криманалдық полиция қызметкерлері жасөспірімді ата-анасының арызы негізінде іздеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде жоғалған қыз 22 қазан күні Жаңаөзен қаласынан табылды", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда жасөспірімнің таңертең колледжге кетіп, қайтып оралмағанын хабарлаған едік. Іздестіру жұмыстарын полицейлер мен "LIDER.KZ" еріктілер тобы жүргізді.

Айта кетейік, Астанада туыстары 2020 жылдан бері іздестірген 48 жастағы азамат табылды.

Төрт жыл бойы туыстары оның оралуынан үміт үзбеген 48 жастағы ер адамның оқиғасы ерекше назар аударуға тұрарлық. Полицияның үйлесімді әрекеттерінің арқасында ер адам табылып, отбасымен қайта қауышты.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.