jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Республика күніне орай Астана мен Алматыда отшашу бола ма

отшашу
Отшашу. Көрнекі фото: pixabay.com

25 қазанда Қазақстанда Республика күні тойланды. Бұл күні Астана мен Алматыда мерекелік отшашу бола ма? Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің KAZ.NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, 25 қазанда елордада мерекелік отшашу болмайды.

Алматыда да Республика күні отшашу болмайды. Бұл ақпаратты оңтүстік астана әкімдігі де растады. Бұл ретте Алматыда бірқатар ірі мәдени шара өтеді деп жоспарланған.

Әкімдік мәліметінше, 24 қазанда, сағат 15:30 — Мемлекеттік туды көтеру рәсімі және Алматыдағы Б. Момышұлы атындағы республикалық "Жас Ұлан" мектебінде Қазақстан Гимнін жаппай орындау.

Алатау ауданында 22 қазан, сағат 16:00 — "Алатау" дәстүрлі өнер театрында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара.

24 қазанда — Alatau creative hub-тағы "Елім менің" мерекесі.

Түрксіб ауданында 23 қазанда, 11:00 — №7 Оқушылар үйінде "Тоғыз құмалақ" ұлттық ойынынан қалалық турнир.

23 қазан, сағат 19:00 — Республикалық академиялық неміс драма театрындағы Samruk заманауи би театрының концерттік бағдарламасы.

24 қазан, сағат 17:00 — №6 Оқушылар үйінде салтанатты концерт.

Медеу ауданында 23 қазан, сағат 12:00 — Каспий университетінде мерекелік концерт және марапаттау.

Алмалы ауданында 23 қазан, сағат 12:00 — Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде іс-шара. №4, 33, 20 кітапханалардағы көрмелер.

Наурызбай ауданында 24 қазанда , сағат 12:00 — ЦИТ-тегі мерекелік концерт.

25 қазанда сағат 12:00 — Амфитеатр аумағындағы концерт.

Жетісу ауданында 25 қазан, сағат 11:00 — Көкжиек шағын ауданындағы (жаяу жүргіншілер аймағы) Республика күніне арналған концерт.

Айта кетейік, биыл Республика күні жұма күні аталып өтеді. Сондықтан қазақстандықтар үш күн қатарынан – 25, 26 және 27 қазанда демалады.

Республика күніне орай Астана мен Алматыда отшашу бола ма

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.