jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Таразға тағы 16 жаңа автобус жеткізілді

Автобустар
Автобустар. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Ескі қоғамдық көліктерді жаңалап, жаңа маршруттарды іске қосу мәселесіне қаланы дамытудың 3 жылдық жоспарында баса мән берілген. Бүгін аталмыш жоспар негізінде облыс орталығына 16 жаңа автобус жеткізілді, деп хабарлайды Тараз қаласының әкімдігі.

"Автобусный парк – 2020" ЖШС тарапынан әкелінген "TEG" маркалы 16 жаңа қоғамдық көлік №55 және №28 маршруттарға қызмет көрсетеді. Ұзындығы 9,5 метр болатын Қытай Халық Республикасында шығарылған автобустар 34 адамға шақталған. Осылайша "Автобусный парк – 2020" серіктестігі №11, 28, 34, 38, 46, 54, 55, 60, 61 маршруттарда қатынайтын автобустарды толығымен 100 пайызға жаңартып отыр.

Облыс орталығында жолаушылар көлігі тасымалын жандандыру, жетілдіру және қала тұрғындарын қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету мақсатында аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Осының аясында 2023 жылы қалаға 73 бірлік жаңа автобус жеткізілсе, биылдың өзінде олардың қатары 133 автобуспен толықты.

Жыл соңына дейін қосымша 42 қоғамдық көлікті жеткізу жоспарда бар. Осының нәтижесінде ағымдағы жылға жоспарланған 70 автобус алу бойынша меже артығымен орындалды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Жаңа автобустарды таныстыру
Жаңа автобустарды таныстыру. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Таразға тағы 16 жаңа автобус жеткізілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.