Қар мен қатты жел: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Жарияланған күні:
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлайды.
Синоптиктер мәліметінше, ертең түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, оның екпіні күндіз 15-20 м/с болады.
23 қазанда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Ертең түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
23 қазанда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Ал түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
23 қазанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.
Ертең түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с болады.
Астана қаласында 23 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Сәрсенбі түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (көбіне жаңбыр) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі.
23 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болуы ықтимал.
Ертең Ақтөбе облысының оңтүстік-батысынан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде жел екпіні 15-18 м/с болады.
23 қазанда Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.
Ертең түнде Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с болады.
23 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Сондай-ақ Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
23 қазанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал.
23 қазанда таңертең және күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай болуы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі.
23 қазанда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың орталығында, шығысында, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2177541-qar-men-qatty-zhel-qazaqstannyng-birqatar-ongirinde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/