Тоқаев бірнеше адамға Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты берді
Жарияланған күні:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекеттік сыйлық:
1. ақын Нұржан Светқалиға – "Көкірегім көне кітап" жыр кітабы үшін;
2. жазушы Ергөбек Құлбек Сәрсенұлына – "Адамның бір қызығы бала деген" кітабы үшін;
3. авторлық ұжым Бапанов Әлібай Қалтайұлы мен Бапанова Сәуле Сыздыққызына – "Көшпенді фрескалар" киізден бастырылған паннолары топтамасы мен "Әлем өрнектері" гобелендер топтамасы үшін;
4. суретші Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлына – "Балалықтан даналыққа жол" топтамалар жинағы үшін берілді.
Еске салсақ, бұған дейін президент Республика күні қарсаңында бірқатар қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттаған болатын.
Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар және еңбек ардагерлері бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2177633-toqaev-birneshe-adamga-abai-atyndagy-adebiet-pen-oner-salasyndagy-memlekettik-syilyqty-berdi/