jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Асылан Маханов
Асылан Маханов
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте кезекші мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесі өзгерді

Мамандандырылған ХҚКО
Мамандандырылған ХҚКО. Фото: Шымкент ХҚКО баспасөз қызметі

22 қазаннан бастап Шымкенттегі кезекші мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс уақыты сағат 20:00-ге дейін ұзарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ХҚКО-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Енді қаладағы тек кезекші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы дүйсенбіден жұмаға дейін 09.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күндері 09.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Ал кезекші болып есептелмейтін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары әдеттегі жұмыс кестесімен, яғни 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Аталған өзгерістер азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуді қолжетімді етуге бағытталған.

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы көлік құралдарын тіркеу және есепке алу қызметін 18.00-ге дейін көрсетсе, дайын құжаттарды беру бойынша жұмыс 20.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Айта кетейік, Шымкенттегі кезекші мамандандырылған ХҚКО Достық м.а, 2343/1 мекенжайында орналасқан.

Шымкентте кезекші мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс кестесі өзгерді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.