Қазақстанда мопедтерді тіркеу қашан басталады
Жарияланған күні:
Мәжіліс алаңында ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Қазақстанда мопедтерді тіркеу қашан басталатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Қазір біз қол қоямыз, бұл жұмысты негізінен қараша айының соңына дейін аяқтаймыз және шартты түрде 1 желтоқсанда тіркеуді бастаймыз. Алдағы уақытта техникалық жағдайға қойылатын талаптар жоқ. Содан кейін болашақта техникалық тексеру болады. Алдымен тек сәйкестікті, нөмірлердің барын және басқасын тексереміз", - деді Лепеха.
ІІМ есептеулері бойынша бүгінде Қазақстанда 70 мың мопед бар.
"Менің ойымша, олар өтеді. Тіркеуден өтпегендер айыппұл тұрағына кетеді", - деп атап өтті ол жауапкершілік туралы.
Еске салсақ, Қазақстан Ішкі істер министрлігі бұйрықтың жобасын жарияланғанын хабарлаған едік. Онда мопедті тіркеуге қажетті құжаттардың тізімі реттеледі.
Енді құжатта мопедтер туралы тармақ және оларды тіркеуге қажетті құжаттар тізімі бар. Атап айтқанда:
- жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық нысанда;
- Салық кодексінінің 553 және 615-баптарында көзделген тіркеу алымымен КҚТК, МТНБ бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттарды;
- бар болған жағдайда техникалық құжатты немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы ашық ақпараттық көздерден алынған мәліметті;
- иесінің өтінішін; көлік құралын қарап тексеру актісін (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде).
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2177999-qazaqstanda-mopedterdi-tirkeu-qashan-bastalady/