jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

ХҚКО және арнайы ХҚКО-лар Республика күні қалай жұмыс істейді

ХҚКО-дағы жұмыс уақыты
ХҚКО. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар 25 қазанда жұмыс істемейді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Корпорация өкілдерінің мәліметінше, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар 25 қазанда Республика күніне орай жұмыс істемейді.

"26 қазан кезекші ХҚКО мен кезекші мамандандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін жұмыс күні болып саналады. Мемлекеттік қызметтерді сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін алуға болады", - делінген хабарламада.

ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, 25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Бұл күн жұмаға сәйкес келетіндіктен, қазақстандықтар үшін қосымша бір күн демалыс болмақ.

ХҚКО және арнайы ХҚКО-лар Республика күні қалай жұмыс істейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.