jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Алматыда Әбдіжәміл Нұрпейісовтің құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

Әбдіжәміл Нұрпейісовтың құрметіне қойылған мемориалдық тақта
Әбдіжәміл Нұрпейісовтың құрметіне қойылған мемориалдық тақта. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100 жылдығына орай Алматыда мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ескерткіш тақта әлемге әйгілі "Қан мен тер" тарихи-революциялық трилогиясының авторы тұрған үйдің қабырғасына, яғни Төлебаев көшесіндегі 156 үйге орнатылды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Іс-шараға танымал әдебиетшінің туыстары мен жақындары Шұға Нұрпейісова, Кәрім Нұрпейісов, сондай-ақ жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

"Әбдіжәміл Кәрімұлы отандық және әлемдік әдебиет тарихында жарқын із қалдырып, ХХ ғасырдағы қазақ мәдениетінің символына айналды", - деп атап өтті салтанатты іс-шара барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков.

Мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты
Мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Сондай-ақ, бүгін Алматыда белгілі жазушылар, сыншылар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен "Әлем таныған Әбдіжәміл" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, онда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтау сөз сөйледі.

Алматыда Әбдіжәміл Нұрпейісовтің құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.