jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Талдықорғанда өрт сөндіру бөлімшесінің командирін зейнетке ерекше шығарып салды (видео)

Мұрат Жекебаев
Мұрат Жекебаев. Видеодан кадр: Telegram/ҚР ТЖМ

Жетісу облысында маңызды оқиға өтті. Талдықорған қаласы №2 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Мұрат Жекебаев зейнетке шықты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасындағы ақпаратқа сәйкес, Мұрат Жекебаев 25 жыл өмірін отпен күресуге арнады.

"Қызметі барысында ол қиын жағдайларда жедел шешімдерді қабылдап, әріптестерінің құрметіне ие болды. Салтанатты іс-шара дәстүрлі су шашу рәсімімен аяқталды", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Министрлік өкілдері Жекебаевтың өңір қауіпсіздігіне қосқан үлесі әрқашан есте қалатынын жеткізді.

"Болашақ құтқарушыларға үлгі тұтар азамат. Жаңадан зейнетке шыққан Мұрат Нұрсұлтанұлына бақытты өмір тілейміз", - деді ведомство қызметкерлері.

Талдықорғанда өрт сөндіру бөлімшесінің командирін зейнетке ерекше шығарып салды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.