jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Шымкентте аяғы ауыр келіншектің жүрегі тоқтап қалды

аяғы ауыр
Көрнекі фото: www.novoye-vremya.com

Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелдің өмірін сақтап қалды. Келіншек шұғыл түрде №2 қалалық аурухананың перзентханасына жеткізілді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның хабарлауынша, ол қатты қан кетумен, 3-дәрежелі геморрагиялық шок жағдайында келіп түсті.

"Операциялық үстелде оның жүрегі тоқтап қалды, бірақ құрамында анестезиологтар, акушер-гинекологтар, операциялық мейіргерлер, трансфузиологтар бар дәрігерлер тобы жүрек-өкпе реанимациясын сәтті жүргізді", - делінген ресми хабарламада.

Негізгі өмірлік функцияларын қалпына келтіргеннен кейін қан кетуді тоқтату операциясы жүргізілді. Дәрігерлер бригадасының үйлесімді және жоғары білікті іс-қимылдарының арқасында аяғы ауыр келіншектің өмірін сақтап қалды.

Бүгінгі таңда босанған әйел мен сәбидің жағдайы қанағаттанарлық және оларды үйге шығаруға дайындауда.

Шымкентте аяғы ауыр келіншектің жүрегі тоқтап қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.