jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Асылан Маханов
Асылан Маханов
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте белгісіз азаматтар тұрғындарға жылу берілуіне әдейі кедергі келтірген (видео)

Жылу орталығындағы құрылғылар
Жылу орталығы. Скриншот: instagram.com/gabit_syzdykbekov

Шымкенттегі "Тұран-2" шағынауданында белгісіз азаматтар тұрғындарға жылу берілуіне әдейі кедергі келтірген. Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ғабит Сыздықбековтың жазуынша, "Тұран-2" шағынауданындағы бірнеше үйдің тұрғындары жылудың жоқтығына шағымданған. Кейін "Куатжылуорталық-3" коммуналдық кәсіпорнының қызметкерлері зерделеу жұмысын жүргізген.

"Анықталғандай, белгісіз азаматтар бірнеше рет әдейі құдықтағы ысырмаларды жауып, подъездердегі апаттық су төгетін кранды ашық қалдырған. Құқықбұзушылар бұл әрекетімен тұрғындарға жылу берілуіне әдейі кедергі келтірген.

Бұдан бөлек, мамандар Абай атындағы саябақ арқылы өтетін магистральдық жылу желісіндегі ыстық суды төгуге арналған дренаждық кранның да қасақана ашылғанын анықтады",- деп жазды Сыздықбеков.

Сондай-ақ қала әкімі құқық қорғау органдары бұзақыларды анықтау үшін тергеу шараларын жүргізетінін, тұрғындарға қолайсыздық танытқан заңбұзушыларға қатаң шара қолданылатынын айтты.

"Барлық азаматтарды қалалық ортақ мүлікке ұқыптылықпен қарауға шақырамын. Сонымен қатар, осы секілді вандализм әрекеттері туралы бірден полицияға хабарлауларыңызды сұраймын!", - деп жазды Шымкент әкімі.

Айта кетейік, Шымкентте күн салқындауына байланысты жылыту маусымы 21 қазаннан басталған еді.

Шымкентте белгісіз азаматтар тұрғындарға жылу берілуіне әдейі кедергі келтірген (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.