jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Туризм министрлігі интернет-казинолардың "қара тізімін" жариялады

Ноутбук жанында жатқан ойын фишкалары
Ойын фишкалары. Көрнекі фото: freepik.com

Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті ойын бизнесі саласында лицензиясы жоқ интернет-ресурстар тізімін жаңартты. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, тізімге тыйым салынған интернет-казино белгілері бар 1820 бірегей желілік мекенжай енгізілген.

"Бұл тізім комитеттің жүйелі ақпарат жинап, интернет-казино мен заңсыз букмекерлік қызметтердің жұмысын анықтағаны нәтижесінде жасалды.

Сонымен қатар тізім Telegram және WhatsApp мессенджерлерінен толықтырылып отырады. Заңсыз ойын бизнесінің таралуына бей-жай қарамайтын азаматтар күдікті сайттар мен әлеуметтік желілердегі парақшалардың сілтемелерін жібереді", - деп түсіндірді министрлік өкілдері.

Тізімге Vavada, Sultan Games, Pin Up, Play Fortuna, Riobet, Casino-X секілді танымал платформалар да енгізілген.

Ведомство өкілдері анықталған ақпарат "Кибернадзор" ақпараттық жүйесіне енгізіліп, Қазақстан Республикасының аумағында олардың қызметін шектеу үшін заң тұрғысынан баға берілетінін атап өтті.

Туризм министрлігі интернет-казинолардың "қара тізімін" жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.