jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Алматыда жаңа автобус бағыттары ашылды

Жаңа автобустар
Қала маңына қатынайтын автобустар. Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда 28 қазаннан бастап Қаратөбе, Еңбекші, Өстемір ауылдарына қатынайтын жаңа автобус бағыттары ашылды. 1 қарашадан бастап Алматыдан Долан ауылына қатынайтын тағы бір бағыт іске қосылады. Бұл туралы әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы әкімдігінің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, мегаполистің агломерациямен көлік байланысын жақсарту үшін қала маңындағы автобус бағыттары ашылып жатыр.

28 қазаннан бастап Алматы көлік желісін кеңейтуде: №237, №257 және №258 бағыттары іске қосылды. Ал 1 қарашадан бастап №239 бағыты ашылады.

  • "Барлық базары – Қаратөбе ауылы" арасында қатынайтын №237 бағытта 5 автобус жүреді. Жұмыс уақыты: 5:30 - 23:05;
  • "№7 қалалық аурухана – Еңбекші ауылы" арасында қатынайтын №257 бағытта 5 автобус жүреді. Жұмыс уақыты: 5:30 - 23:01;
  • "Жетісу базары – Өстемір ауылы" арасында қатынайтын №258 бағытта 2 автобус жүреді. Жұмыс уақыты: 5:40 - 22:01;
  • "Б. Момышұлы метро станциясы – Долан ауылы" арасында қатынайтын №239 бағытта 18 автобус жүреді. Жұмыс уақыты: 5:30 - 23:01

"Барлық маршрут тестілік режимде жұмыс істейді, жолаушылар легіне талдау жасалған соң қозғалыс кестесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін. Бұған дейін қалалық мобилділік басқармасы 35 қала маңындағы маршрутты іске қосқан болатын, ал жыл соңына дейін тағы шамамен 15 маршрутты іске қосу жоспарланып отыр", - делінген әкімдік хабарламасында.

Алматыда жаңа автобус бағыттары ашылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.