jitsu gif

Елімізде алдағы күндері қар жауып, көктайғақ болады

жол
Тас жол. Көрнекі фото: Pixabay.com

Синоптиктер болжамынша, алдағы үш күнде синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде қар, жаңбыр, тұман, көктайғақ болып, тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанның басым бөлігінде әлі де жауын-шашын болады деген болжам жасалды. Таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонының ықпалымен тұрақсыз ауа-райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және тұман болжанып отыр.

30 қазанда республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, сонымен қатар жел күшейеді.

Температуралық режимде айтарлықтай өзгерістер болжанбайды.

Еске салайық, 28 қазанда Алматыда қатты қарқынды нөсер жауын болатынын хабарлаған едік. Орташа температура 6°C деңгейінде болғанымен, 4°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы 12°C-қа дейін көтеріліп, түнде 3°C-қа дейін түсуі мүмкін.

29 қазан күні қара бұлт болады. Ауа температурасы шамамен 5°C-қа жеткенімен, 4°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 7°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші 3°C деңгейіне дейін түседі.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.