jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Алматының орталық көшелерінің бірінде жол жүру бір күнге жабылады

Алматыдағы жөндеу жұмыстары
Алматыдағы жөндеу жұмыстары. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

29 қазанда оңтүстік астанада су құбырындағы жөндеу жұмыстарына байланысты Наурызбай батыр көшесінің бір бөлігінде көлікпен жүру мүмкін болмайды. Бұл туралы "Алматы Су" мекемесіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Компанияның мәліметінше, 29 қазанда сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін Сәтбаев көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі қиылыстағы Наурызбай батыр көшесі бойында автокөлік қозғалысы жабылады.

"Уақыт шектеулері осы көше сегментінің жүріс бөлігінің астына салынған су құбырының авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізумен байланысты. Маршруттарды алдын ала жоспарлауды және жол қозғалысы схемасының уақытша өзгерістерін ескеруді сұраймыз. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.

Барлық сұрақ бойынша тұрғындар "Алматы су" МКҚК-ның 274-66-66 диспетчерлік қызмет нөмірлеріне хабарласа алады.

Еске салсақ, Алматыда ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне байланысты Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі учаскедегі Сәтбаев көшесінің бір бөлігі екі тәулікке жабылатынын жазған едік.

Алматының орталық көшелерінің бірінде жол жүру бір күнге жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.