Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күзгі каникулға Ресейдегі лагерьге кеткен атыраулық балалар күтпеген жайтқа тап болды

Жарияланған күні:

"Қазақстан геологы" емдеу пансионаты
"Қазақстан геологы" емдеу пансионаты. Фото: putevka.com

Құлсары қаласының 174 оқушысы күзгі каникулға Ресейдегі лагерьге барып, таңды ұйқысыз атырған. Өріп жүрген қоңыздардан шошып қалған балалар үйлеріне қайтуға мәжбүр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жылыой ауданы Құлсары қаласының 174 оқушысы мен 18 жетекші мұғалім Атырау облысы білім беру басқармасының қолдауымен Ресейдің Железноводск қаласында орналасқан "Қазақстан Геологі" емдеу пансионатына күзгі каникулға барып, күтпеген жайтқа тап болған. Ұйымдастырушылар балаларды қоңыздар өріп жүрген бөлмелерге орналастырған. Мұны естіген балалардың ата-аналары Құлсары әкімдігіне келіп, мәселені тез арада шешіп беруді талап етті.

"Су тасқынынан зардап шеккен балаларды жібереміз” деп жаздан бері тізім құрды. Балаларға ешқандай жағдай жасалмағанын, қауіпті екенін білгенде жібермес едік. Түнімен ұйықтамадық, балаларды кері қайтаруды талап етеміз", - деді ата-аналардың бірі.

Атырау облысы білім беру басқармасының мәліметінше, 26 қазан - 4 қараша аралығында Ресей Федерациясы Железноводск қаласы Иноземцево поселкесінде орналасқан "Қазақстан Геологі" емдеу пансионатына Жылыой ауданы Құлсары қаласының 174 оқушысы мен 18 жетекші мұғалім демалысқа жіберілген. Балалар Атырау қаласынан 26 қазан күні сағат 22.45 те шығып, лагерге 27 қазан күні 22.00 сағатта келіп орналасқан.

"Аталған лагерь Кавказ таулары баурайында орман алқабында орналасқан. Поселкеде бірнеше күн жауған жаңбырдан соң, ауа райының күрт жылынуынан ауаға ағаш қоңыздары ұшып ғимараттың № 6 корпусына кіріп, таралған. Ғимарат корпустарына дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Бұған дейін де екі мәрте дезинфекциялау жұмыстары жүргізілген", - деп жауап берді Атырау облысы білім беру басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.

Қазіргі кезде болған жағдайға қатысты балаларды шұғыл кері қайтару мәселелері ұйымдастырылуда.

Автор: Әйгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2179586-kuzgi-kanikulga-reseidegi-lagerge-ketken-atyraulyq-balalar-shugyl-keri-qaituga-mazhbur-boldy/