jitsu gif branding logo appbranding logo app

Шымкенттегі жұртты шошытқан аялдама алынып тасталып, орнына жаңасы қойылды (фото)

аялдама
Құлағалы тұрған аялдама. Фото: instagram.com/mamochki_shymkenta/

Бірнеше күн бұрын желіде Шымкенттегі шайқалып тұрған аялдаманың видеосы тараған еді. Осыдан кейін бұл аялдама алып тасталып, орнына жаңасы қойылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымкентте құлағалы тұрған аялдама желі қолданушыларын шошытқанын жазған едік. Асар шағынауданындағы № 89 мектеп-лицейінің маңында түсірілген видеодан оқушылардың қозғалып тұрған аялдамада жайбарақат отырғанын байқаймыз. Тіпті, кейбірі оның шайқалғанын қызық көріп ары-бері қозғалтып қояды. Желі қолданушылары балаларды басып қалмағанына шүкір десіп, әкімдікке деген наразылығын білдірді.

Ал Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз хатшысы қирағалы тұрған аялдама үш күн ішінде жаңартылатынын айтқан болатын.

Бүгін KAZ.NUR.KZ тілшісі басқарманың баспасөз хатшысына хабарласып, аялдама жаңартылды ма, жоқ па сұрап білді.

"18 қазанда ескісі алып тасталды. Ал 19-20 қазан аралығында жаңасы орнатылды", - деп басқарма өкілі жаңа аялдаманың суретін жіберді.

Жаңа аялдама
Жаңа аялдама. Фото: Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.