jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Каспий жағалауынан жүздеген итбалықтың өлексесі табылды

Каспий теңізі
Каспий теңізі. Көрнекі фото: pixabay.com

Маңғыстаудың Түпқараған ауданында итбалықтар қырылып жатыр. Қазіргі таңда Каспий теңізі жағалауына 151 итбалық шығып қалғаны анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Өңірдегі балық шаруашылығы басқармасы басшысының айтуынша, Каспий теңізі жағалауына 151 итбалық шығып қалған. Олардың ұшаларынан сәйкесінше, Гидробиология және экология институты токсикологиялық, гистологиялық және вирусологиялық сынама алған.

Қазіргі уақытта табылған итбалық өлекселерін жою жұмыстары жүргізіп жатыр. Басқарма басшысы Каспий теңізі жағалауында әлі де мониторинг болатынын мәлімдеді.

"Итбалықтың зертханаға зерттеу үшін тістері, ішкі құрылысы және тырнағы алынып жатыр. Оның нәтижесі бойынша алдағы уақытта қорытындысы хабарланады. Сонымен қатар итбалықтар жергілікті атқарушы органның ұйымдастыруымен бір жерден көміліп, жойылуда", - деді Балық шаруашылығы басқармасының басшысы Арман Молдашев.

Каспий жағалауынан жүздеген итбалықтың өлексесі табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.