jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Медеуде коньки тебу маусымы қашан басталады

Медеу
"Медеу". Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыда 1 қарашада "Медеу" мұз айдыны техникалық режімде іске қосылса, 2 қарашада коньки тебу маусымының ашылу салтанаты өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, 1 қарашада "Медеу" мұз айдыны техникалық режімде іске қосылады, оған барлығы сеанстар кестесіне сәйкес келе алады. Ал 2 қарашада жаңа қоғамдық коньки тебу маусымының салтанатты ашылуы болады.

"Сағат 12-ден 15.30-ға дейін ашылу салтанаты өтеді. Келушілерге қазақ эстрадасының жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.

Сағат 17-ден 20-ға дейін қонақтарды байқаулар, жүргізушінің сыйлықтары және дискотеканы қамтитын кешкі сеанс күтеді", - деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Алматы қаласының Спорттық нысандар дирекциясы қала тұрғындары мен қонақтарына кассада кезекке тұрмас үшін және турникет жүйесі арқылы жылдам өтуді ұйымдастыру үшін билеттерді алдын ала онлайн сатып алуды ұсынады. Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарына кептеліс пен көлік тұрағында қиындықтар туындамас үшін қоғамдық көлікті пайдалану ұсынылады.

"Медеу" мұз айдынына баратын №12 автобус бағытын күшейту жоспарлануда, автобустар жұмыс күндері сағат 8.00-ден 00.00-ге дейін және демалыс күндері сағат 8.00-ден 01.00-ге дейін жүреді", - делінген хабарламада.

Медеуде коньки тебу маусымы қашан басталады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.