jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкент әкімі FIDE президентімен кездесіп, шахмат спортын дамыту мәселесін талқылады

Ғабит Сыздықбеков пен Аркадий Дворкович
Ғабит Сыздықбеков пен Аркадий Дворкович. Фото: instagram.com/ gabit_syzdykbekov

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Халықаралық шахмат ұйымының (FIDE) президенті Аркадий Дворковичпен маңызды кездесу өткізіп, мегаполисте шахматты дамыту мәселесін талқылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әкімнің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ғабит Сыздықбековтің айтуынша, тараптар шахматты оқыту әдістемелерін жетілдіру, қалада турнирлер ұйымдастыру, жаттықтырушылар мен педагогтардың біліктілігін арттыру мәселелерін қозғаған.

"Қазақстанда шахматты дамытуға көп көңіл бөлінеді. Әсіресе, шахмат балалар мен жастар арасында кеңінен танымал. Бүгінде қазақстандық шахматшылар түрлі халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап, әлемдік аренада өз орнын нығайтып келеді.

Шымкентте жыл сайын шахмат секцияларының саны артып, шахматты насихаттау жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Бұл спорт түрін қолдау және дамыту шаралары интеллектуалды ұлт қалыптастыруға елеулі үлес қосады", - деп жазды қала басшысы.

Шымкент қаласының әкімі кездесу соңында FIDE президентіне Қазақстанда шахматты дамыту бағытында атқарып жатқан жұмыстары мен ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді.

Шымкент әкімі FIDE президентімен кездесіп, шахмат спортын дамыту мәселесін талқылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.